"Спутник V" екпесінің Қарағандыда әзірленетін нұсқасын мақұлданды

none

Қазақстан ресейлік "Спутник V" вакцинасының Қарағандыда өндірілетін нұсқасын тіркеді. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

"Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) коронавирус инфекциясына қарсы "Гам-КОВИД-Вак" ("Спутник V") дейтін вакцинаны Қазақстан аумағында тіркеу процедурасын аяқтады" делінген комиссия хабарламасында.

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, ҚФК Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі сараптамалық ұйымының вакцина қауіпсіздігі, сапасы және тиімділігі жөніндегі қорытындысын 13 ақпан күні алған.

"Осы қорытынды негізінде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алу жөнінде өтініш жолданды" делінген хабарламада.

Осылайша, Қазақстан "Спутник V" екпесін қолдануды мақұлдаған 27-ел атанды.

Осы күнге дейін екпені Ресейден өзге Беларусь, Аргентина, Сербия, Алжир, Парагвай, Түркіменстан, Венгрия, БАЭ, Иран секілді елдер мақұлдаған.

Қазақстан ресейлік вакцинаны ресми тіркеуден өткізбей тұрып-ақ сала бастаған. Жалпыұлттық вакциналау 1 ақпанда басталды. Биліктің мәлімдеуінше, ҚФК ақпанның соңына дейін Қазақстан өңірлеріне "Спутник V" вакцинасының 90 мың дозасын жеткізбек.

Ал QazCovid-in қазақстандық вакцинасын Covid-19-ға сынау кезінде еріктілер арасында өлім жағдайы тіркелді ме? Бұл сұраққа Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 9 ақпанындағы жағдай бойынша, вакцинацияланған еріктілердің денсаулық жағдайы тұрақты", - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты өкілдері.

Айдары: Найзағай 15.02.2021 23

Қатысты мазмұн