"Серік-голова" 19 жылға сотталды

none

Алматыда "Серік-голова" лақапатымен танымал қылмыскер Серік Жаманаев 19 жылға сотталды.

Сот үкіміне сәйкес, "Серік-голова" қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде 14 жыл отырады. Содан кейін жазасын 5 жыл толық қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы "адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық", 106-баптың 3-бөлігі "абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп тануды сұраған еді.

Айдары: Найзағай 18.01.2021 22

Қатысты мазмұн