"Қазақстан халқына" қорынан қалай көмек алуға болады?

none

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған ұйым қалай жұмыс істейді? Бұл туралы "Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішев айтып берді.

"Қазақстандықтардың үміті тым жоғары. Адамдар кедейлік пен тұрғын үй мәселесі бірден шешіледі деп ойлайды. Жоқ. Өкінішке қарай, ол мүмкін емес. Көп адамға қатысты өткір мәселелер шешіледі. Қор тұрғын үйге мұқтаж адамның бәріне көмек көрсете алмайды. Қор алдында күрделі міндет тұр. Біз бүкіл халыққа тиімді болатын басымдықтарды таңдаймыз", - деді қор басшысы.

Жәмішев қор қаражаты қалай бөлінетінін де айтып өтті.

"Қор әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардан тікелей өтінім алмайды. Бұл өте маңызды сәт. Бәрімен тікелей жұмыс істеу үшін үлкен аппарат, филиалдар желісі болуы керек. Біз қайырымдылыққа кететін ақша аппарат қажеттілігіне жұмсалғанын қаламаймыз. Қор қайырымдылықта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар арқылы жұмыс істейді деп шешілді. Олардың тәжірибесі, аппараты және халықтан алған сенімі бар. Біз осы ұйымдар серіктесі боламыз. Бірақ ешбір жағдайда оларды қаржыландырмаймыз", - деді Жәмішев.

Көмек алу үшін қалай өтініш беруге болады?

"Бұл схеманы жүзеге асыратын механизмдер бар. Порталда ниет білдірушілер қайырымдылық көмек алуға өтінім бере алады. Бұл порталды 140-қа жуық қайырымдылық ұйымы пайдаланады. Бұл өтініштердің қайталануын, жоғалуын, көмек алушыларға сенімсіздікті жояды", - деді қор басшысы.

Мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын қор есебіне аударуы керек пе?

"Мен премьер-министрмен сөйлестім және бұл кеңсе қызметкерлерінің жеке бастамасы екенін нақты білемін. Премьер-министрдің өзі белгілі бір соманы аударғысы келді. Бұл қызметкерлердің бастамасы. Егер бұл ерікті болса, онда жақсы. Егер кем дегенде біреуі еркінен тыс ақша аударуға мәжбүр болса, онда бұл мүлдем дұрыс емес ұстаным. Мұны бәрі түсінеді. Ешқандай міндеттеу жоқ", - деді Болат Жәмішев.

Президент "Қазақстан халқына" қорын құру туралы 11 қаңтарда мәлімдеді. "Бұл барлық қазақстандықтардың қоры. Бұл халық қоры. Ол әкімшілік немесе Үкіметке қарасты жұмыс істемейді", - деді Мемлекет басшысы.

15 қаңтарда қорды Болат Жәмішев басқарғаны белгілі болды. 16 қаңтарда қамқоршылық кеңес мүшелері сайланды.

Дереккөз: tengrinews

Айдары: Текемет 20.01.2022 55

Қатысты мазмұн