"Демпартия" белсендісі Абзал Достияровқа қылмыстық іс қозғалды

none

«Демпартия» белсендісі Абзал Достияров өзіне «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы (274-баптың 2-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Айтуынша, 5 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Алмас Тастанбеков хабарласып, ішкі істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігіне келу қажеттігін айтқан.

«... олар менің рұқсатымсыз сараптама жүргізген. Тергеушінің айтуынша, 11 эфирге талдау жасаған. Арасында Иманғали Тасмағамбетовты сынаған видео да бар екен» - деді Достияров.

Оның сөзінше, тергеуші Youtube хостингіне мониторинг жасаған кезде көрінеу жалған ақпарат тарату белгілері болуы мүмкін бірқатар бейнежазба табылды деген ақпараттың негізінде Қылмыстық кодекстің 274-бап 2-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Полиция бұған дейін «Демпартияның» өзге белсендісі, саясаткер Жанболат Мамайдың үстінен де бірнеше бап бойынша (арасында «Жалған ақпарат тарату» бабы да бар) қылмыстық іс қозғап, тергеу изоляторына қамаған, деп жазады Азаттық.

Айдары: Дүрбі 05.08.2022 70

Қатысты мазмұн