"Болашақ" стипендиясы бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді

none

"Болашақ" стипендиясы бойынша бұйрыққа өзгерістер енгізілді, - деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

Коронавирустық инфекцияның жаппай таралуына байланысты "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары оқитын шетелдік ЖОО-лар наурыздан бастап қашықтан оқу форматына көшкен болатын.

"Осыған байланысты бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасымен Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелдік жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізіп, стипендиаттардың оқу ақысын төмендету мәселелерін талқылады. Нәтижесінде, 25 оқу орнында оқитын 343 стипендиатқа оқу төлемақысы 10 пайыздан 50 пайызға дейінгі көлемде төмендетілді. Осылайша, 325,1 миллион теңге бюджет қаражаты үнемделді", - делінген хабарламада.

Орталық мәліметінше, қазіргі таңда "Болашақ" бағдарламасының 592 стипендиаты шетелде білім алып жатыр.

Айдары: Найзағай 01.07.2020 36

Қатысты мазмұн