"Бәрінен ақылды" Әлтаев тағы да масқара болды

none

Ел басшысы тағына жайғасқысы келетін адам неше түрлі айла-шарғы жасайды екен. Бірақ шындық бәрібір ашылады. Президент боламын деп дәмеленіп, ұйқысынан айырылған экс-шенеунік, өзін оппозиция деп жүрген Әлтаевтың жасаған қулығы әшкере болды. Құжатты бұрмалап, фальсификация жасаған Әлтаевтың президент лауазымынан үміткер боламын деген жоспарының күл-талқаны шықты.

Астананың "Байқоңыр" аудандық соты Нұржан Әлтаевты алдағы сайлауда президенттікке кандидат ретінде ұсынуға қатысты шешім қабылдағаны белгілі болды. Сотқа негіз "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінің Әлтаевты кандидат ретінде ұсыну туралы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану жайындағы бірлестіктің бірнеше мүшесінің берген арызы болды.

"Ғазиза Әмірбекова, Анар Аябергенова, Майра Әбдірахманованың "Мұқалмас" РҚБ жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талабы қанағаттандырылсын. "Мұқалмас" РҚБ жалпы жиналысының 2022 жылғы 6 қазандағы №19-2022 хаттамасы жарамсыз деп танылсын. Сот жалпы жиналыста РҚБ мүшелерінің көпшілігі кезектен тыс президент сайлауына Нұржан Әлтаевтың кандидат ретінде ұсынылуына қарсы дауыс бергенін анықтады. Аталған мән-жайлар осы жалпы жиналыс бейнежазбасымен расталды, онда кандидат Әлтаевқа - 11 адам қарсы, алты адам жақтап дауыс бергені және куәгерлердің түсіндірмелері көрсетілген", - деді шешім шығарған судья Лаура Сүйіндікова. Сонымен қатар, судьяның айтуынша, "Сайлау туралы" заңда қарастырылған партиялардың құқықтары, атап айтқанда, сайлау және сайлану құқықтары бұзылады.

Осыған орай «Әділ сайлау үшін» штабының мүшесі және Қазақстан заңгерлер одағының астаналық филиалының төрағасы Серік Беркамалов мәлімдегендей, Әлтаевты президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсыну үшін негізге алынған құжат нақты жиналыста болған жағдайға сәйкес келмейді. "Іс жүзінде құжаттың жалғандығы бар: мөр басылды, қол қойылды, бірақ оның мазмұны шындыққа қайшы. Республикалық бірлестік мүшелері отырыс қорытындысы туралы хаттама шындыққа сәйкес келмейді деп сотқа шағым түсірді», - деді ол.

Осы айқай-шулы оқиғаға басты себепкер Нұржан Әлтаев бұрын Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейін Мәжіліс депутаты болған. Остап Бендерге лайық мұндай айланы сол кезде үйренген де шығар. Сондай-ақ дәл сол кезде Әлтаев балаларға төленетін жәрдемақыға байланысты ақшаны үнемдесе бір баланы 20 мың теңгеге асырауға болады деп "жаңалық ашып", жұртшылықтың ашуын туғызған болатын. 2020 жылы Әлтаев «Аманат» партиясынан қуылып, депутаттық өкілеттігінен айырылды. Кейін «Ел тірегі» одағының мүшесі болып алды. Мақсатына жету үшін жалған құжат жасаудан тайынбайтын адам басқаратын "Ел тірегі" кімге тірек бола алады?!

S

Айдары: Дүрбі 17.10.2022 82

Қатысты мазмұн