"Ауыл" партиясы президенттікке өз кандидатын ұсынды

none

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Партияның кезектен тыс ХХ съезінде шешім қабылданды.

Мен сіздерді жерге қаратпаймын, құрметті партияластарым. Мен бар күшімді Қазақстанды және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға саламын.Жигули Дайрабаев

Жигули Дайрабаев 1954 жылы дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Тұрар Рысқұлов және Агроөнеркәсіптік кешен жоғары мектебін бітірген.

2019 жылдан бастап "Қазақстан фермерлер одағы" ҚБ қауымдастығының президенті болып жұмыс істеді.

2022 жылы "Атамекен" ҰКП Төралқасының Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

23 қыркүйекте президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды.

Айдары: Найзағай 30.09.2022 126

Қатысты мазмұн