"Ақ жол" кандидаттарын таныстырды

none

20 қарашада "Ақ жол" демократиялық партиясы мәжіліс пен мәслихат сайлауына ұсынылатын депутаттар тізімін таныстырды. Партия мәжіліс депутаттығына - 38, мәслихатқа 794 адамды ұсынып отыр.

38 адамның арасында ақын Қазбек Иса, былтыр президент сайлауына кандидат ретінде қатысқан Дания Еспаева, партия төрағасы Азат Перуашев, Еуразия университеті жанындағы "Алаш" мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтан Хан Жүсіп, қазіргі мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова және т.б адамдар бар.

Партияның съезі коронавирус індетіне байланысты" онлайн өтті.

"Ақ жол" партиясы 2002 жылы ресми түрде тіркелген. ОСК мәліметінше, партияның 200 мыңға жуық мүшесі бар. 2016 жылғы мәжіліс сайлауы кезінде партия парламенттен 7 орын алған.

Айдары: Найзағай 20.11.2020 55

Қатысты мазмұн