Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттары мен жергілікті қауымдастық өкілдері Зырян қаласы мен Зырян ауданының атауын өзгерту туралы шешімді бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды YK-news.kz басылымы. Басылымның мәліметінше, Зырянда қала мен аудан атауын өзгерту туралы жиын өтті. Жиынға қатысушылар осы ұсынысқа дауыс берді. Осылайша, жергілікті мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мұның алдында облыс әкімі Даниал Ахметовтің Зырянның атауын Алтай деп өзгерту туралы ұсынысты мақұлдағаны жайлы хабарланған еді.