Желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің жұбайы Иоланта "Лонни" Алидің суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сурет қазақтандық боксшының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. "Али ханымға алғысымды білдіремін. Сізбен және жұбайыңыз - ұлы Мұхаммед Әлимен болған соңғы кездесуіміз әлі есімде. Отбасыңызға рақмет!" - деп жазды Головкин суреттің сипаттамасына.

Суретке қалдырылған пікірлерде көптеген қазақстандық Али ханымға құрмет білдіріп, Геннадий Головкинге Денис Теннің жерлеу рәсіміне елге келгені үшін алғыс айтып жатыр.

"Геннадий, дүниеге осындай бала әкелгені үшін ата-анаңызға рақмет. Тығыз кестеге қарамастан, Денистің ата-анасын қолдап келуге уақыт таптыңыз. Бұл көп нәрсені айтады. Сізге Алваресті жеңіп, осы жеңісті чемпионға, біздің еліміздің мақтанышы Денис Тенге арнауды тілеймін", - дейді әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Айшолпан.

Еске сала кетейік, шілденің басында Головкин Америка Құрама Штаттарында Лас-Вегаста 15 қыркүйекте өтетін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекке дайындықты бастады. Бұл жекпе-жек T-Mobile аренасында өтеді.

Головкин WBC тарихындағы үздік чемпион атанды.