Талдықорғанда баласын тұтқынға алып, қоқан-лоққы көрсеткен ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азамат психиатриялық ауруханаға тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 115- бабы бойынша тергеу ісі басталып кетті. Бұған дейін күдікті ешбір жерде есепте тұрмаған», - деді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 10 шілде күні Алматы полицейлері туған әкесі тұтқынға алған баланы құтқарып, аман алып қалған. Дәл қазір баланың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.