DownDetector сервисінің мәліметі бойынша, Twitter әлеуметтік желісінің жұмысы әлем бойынша істен шыққан.

Әлеуметтік желінің жұмысына шағымдар негізінен АҚШ-тан, Бразилия, Батыс Еуропа елдерінен және Жапониядан түскен.

Twitter-ді ашқан кезде техникалық проблема бар деген ескерту тұрады. Ал мобильді қосымша арқылы ашқан кезде ішкі қателіктер туралы ескерту жазылған.

Компания әзірге әлеуметтік желінің істен шығу себебін түсіндірмеді.