Облыс орталығында бүгіннен бастап әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар үшін «Тегін – Қайырымдылық дүкені» жұмыс істейді. «Ұлы Жеңіс күні» қарсаңында ашылу салтанаты өткен дүкен облыстық ақсақалдар алқасы мен «Қоғамдық келісім» кеңесінің бастамасымен қолға алынған.

Аталған шараға қала әкімі Ә.Өсербаев, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Сауабы мол істің тұрғындар игілігі үшін қажеттілігі орасан екенін айтқан қала басшысы Әліпбек Өсербаев өз тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

«Дүкен аптаның тек сәрсенбі күні жұмыс істейді. Мұнда қаланың 8 мөлтек ауданының көше комитетінің төрағалары жасаған тізімдер бойынша мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек қажетілігіне қарай берілетін болады. Нақтырақ айтқанда, әр аптада 40-50 адамға көмек көрсетілмек. Ол тізімге көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар енгізіледі», – деді облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов.

Дереккөз: 24.kz, Otyrar.kz