Жақында Түркістан ресми түрде облыс орталығы болып жарияланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, облыс тұрғындарына құжат ауыстырудың қажеті жоқ.

"Барлық жеке куәліктер мен төлқұжаттар заңды күшін сақтай береді және мерзімі аяқталғанда ғана ауыстырылады. Сосын адам белгілі бір жасқа келгенде жаңа куәлік беріледі. Бұдан бөлек, төлқұжаттың барлық парақшалары толып қалғанда ауыстырылады", - деді М.Бекетаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, облыс орталығын Түркістанға ауыстыруға байланысты қосымша шығындар болмайды. Себебі дайындық жұмыстары алдын ала атқарылды.

"Біз аталған территориалдық өзгерістерге дайынбыз. Дайындық жұмыстарын да алдын ала бастадық. Өйткені кез келген жарлықтардың жобалары келісу үшін бізге де жіберіледі. Біз оны көрдік. Сол себепті дайындық жұмыстарын ерте бастап кеттік", - деп атап көрсетті М.Бекетаев.

Айта кетейік, бүгін министр xалық алдында есеп берді. Министр сот орындаушыларының қызметіне қатысты заң жобасының Парламенттің қаруында жатқанын жеткізді.

"Атап айтқанда, сот орындаушыларының қызметіне санкция салуды қысқарту туралы ұсыныс бар. Былайша айтқанда, аталған институтты дамыту шаралары жалғаса береді. Сот орындаушыларын жауапкершілікке тарту тетіктері де қалады. Бірақ өкілеттіліктердің біраз бөлігі соттан сот орындаушыларына беріледі", - дейді М.Бекетаев.

Бұдан бөлек, Бас заңгер пәтер сатып аламын деушілерге кеңес берді. Министрдің айтуынша, шетелге шығуға қойылған шектеуді алып тастаудың нақты мерзімі бекітілді.