АҚШ Николас Мадуро режиміне қарсы күресу үшін Венесуэлаға әскер кіргізуді қарастырып жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жөнінде Си-би-эс телеканалына берген сұқбатында айтты. Сұхбат жексенбі күні эфирге шыққан.

"Бұл жөнінде айтқым келмейді, бірақ, әрине, бұл вариант қарастырылып жатыр", – деді ол "Елмен бетпе-бет" бағдарламасында Маргарет Бреннанға берген сұқбатында.

АҚШ президенті Мадуроның бірнеше ай бұрын өзімен кездесуін өтініп шыққанын айтты. Бірақ Трамп бас тартқан. Бұл жөнінде The Hill басылымы жазды. Қаңтар айында АҚШ бастаған бірнеше мемлекет Венесуэланың уақытша президенті ретінде Ұлттық ассамблея төрағасы Хуана Гуайдоны мойындаған.