Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Расында да, Алматыда және елордада өз пікірлерін білдіріп, көшеге шығып, наразылық шараларына қатысып және тағы басқа әрекеттер жасағандар болды. Қазақстан заңнамасы бойынша, Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, бұл әрекеттердің барлығы заңсыз емес деп танылуы мүмкін. Ерік білдіру жайлы айтатын болсақ, Қазақстанда мұндай еркіндік толықтай бар", - деді Тоқаев Ақордада өткен баспасөз-конференциясында.

Президент кейбір азаматтардың өздерін лайықсыз ұстап, полиция қызметкерлерін арандатқанын және нәтижесінде оларға қатысты қажетті шаралардың қолданылғанын айтып өтті.

"Өкінішке қарай, ол азаматтар ақпараттарды шектен тыс қолдаyды, басқаларды заңсыз әрекеттер жасауға тартты, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өз қызметін лайықты әрі кәсіби тұрғыда атқарған полиция қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент таяуда сайлау алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлерін барынша сабырлық танытуға шақырғанын айтты.

"Наразалық шаралары жайлы айтатын болсақ, бұл жағдайда диалог форматын қолдануды ұсынамын. Мен осыған дейін Қоғамдық сенім комитеті құрылатыны жайлы айтқан болатынмын, ол комитетте қоғамымыздың түрлі өкілдері болады және онда біз өзара пікір алмаса аламыз. Менің позициям - пікірлер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ біз бір ұлтпыз. Түрлі пікірлер, бірақ біртұтас ұлт", - деді Президент.

Еске салайық, кеше, 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда шамамен 500 адамның митингіде ұсталғаны хабарланған еді.

"Нұр-сұлтан мен Алматыда Қазақстанның соты тыйым салған ДВК экстремистік ұйымының үндеуі бойынша жүздеген адам жиналды. Ұйымның қашқын басшыларының елімізде биліктің беделін түсіру, кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялау бойынша жаппай насихат жүргізіп, сайлау кезінде қоғамға қарсы іс-қимыл жасауға шақырғаны белгілі болды", - деген еді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.