Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сондай-ақ, рәсімге премьер-министр Асқар Мамин, Сенат спикері Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев, мемлекеттік хатшы Марат Тәжин, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов және депутаттар мен шетелдік елшілер қатысты.

Салтанатты рәсімде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері құрметті орында отырды. Бір минут үнсіздіктен кейін олар мәңгілік отқа гүл шоқтарын қойды.

Бұған дейін Қазақстан Президенті қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұл мереке әрбір қазақстандық үшін қымбат екенін атап өтті.