Қызылорда облысында тергеу изоляторында отырған айыпталушы дүниеге сәби алып келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласы тергеу сотының 2019 жылғы 13 сәуірдегі қаулысымен ҚР ҚК-нің 188 бабының 2, 3 тармақтарымен айыпталып, "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылған, Қызылорда облысы бойынша ЗК-169/1 мекемесінде отырған азаматша Ш.А. 10.06.2019 жылы облыстық Ана мен бала орталығында ай-күні жетіп, босанып, қыз баланы дүниеге әкелді.

Босанған ананың жанұясындағы екінші перзенті. Азаматша Ш.А. Аталған азаматшаға ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі бірінші кезекте қажетті заттармен, тиісті азық-түлігін қамтамасыз етуде. Ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі баланың құжаттандыру жұмыстарымен айналысады.

Қылмыстық ісі бойынша шешімді заң талаптарына сәйкес мерзімінде сот органдары қабылдайды.