Атырау облысы Теңіз кен орнында 25 адам уланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 8 ақпанда Теңіз вахталық кентінде болды. "Юлмар Сервис" ЖШС-ның 25 жұмысшысы кешкі астан кейін өзін нашар сезініп, Құлсары аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың төртеуі ауруханада жатыр.

"Науқастардың жағдайы тұрақты. Улану себебін сараптама анықтайды", - деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зылиха Құлғазиева.