Тәжікстанда шетелден әкелінетін 50 келі бір қап ұнның бағасы 200 сомониға (20 доллар) қымбаттады. Бұл халықты алаңдатып отыр.

Кәсіпкерлер мұның себебін ұн экспорттаушы ел Қазақстанда бағаның қымбаттағанымен, онда доллар валютасының өскенімен түсіндіріп жатыр.

Ұн – Тәжікстандағы негізгі азық. Одан нан және көптеген ыстық тағам дайындайды.

Ұн Тәжікстанның барлық аймағында қымбаттаған. Осыдан екі апта бұрын бір қап ұн 180 сомони тұрса, бүгін оның құны 210 сомониға көтерілген.

Антимонополияға қарсы қызметтің өкілі Шухрат Ибодов тәжік базарында ұн бағасының қымбаттағанынан хабардар екенін айтады.

«Бүгін біздің қызметкерлер жағдайды зерттеу үшін базарға барды. Жақын уақытта сараптап, мән-жайды мәлімдейміз», - деді ол.

Соңғы бір жылда ұн бағасы бес есеге өсті. Тәжікстанда жыл сайын 2 млн тонна ұн тұтынады. Оның 1 млн тоннасы ішкі өндіріс есебінен шығарылады.