Тәжікстан билігі ұлтараздық, нәсілшілдік және діни араздыққа байланысты қылмыс жазаларын жеңілдетпек.

Азаттықтың тәжік қызметінің сенімді дереккөзі қазір елдің Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізіліп жатқанын хабарлады. Қазір аталған қылмыс түрлері бойынша 5-тен 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Тәжікстан әділет министрлігінің өкілі Сарвар Холикзода егер айыпталушы қылмысты бірінші рет жасаса, қоғамға қауіпті болмаса және істеген ісі үшін өкінетін болса, ол әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін дейді.

Тәжікстанда бүгінде ондаған адам әлеуметтік желілердегі жазбаларға лайк басқаны үшін, материалдарды көшіріп жариялағаны үшін ұлтараздықты, нәсілшілдікті және діни араздықты қоздырды деген айыптармен түрмеде отыр. Егер Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетін болса, олардың істері қайта қаралуы мүмкін.