Нью-Йорктегі сот АҚШ президенті Дональд Трампқа Twitter'дегі қолданушыларды бұғаттауға тыйым салды.

Судья Наоми Бакволд президенттің сыни пікірлері үшін бұғаттап тастаған жеті адамның пайдасына шешім шығарды. Трампқа оларды бұғаттан шығару тапсырылды.

Қолданушылар өткен жылы маусым айында сотқа жүгінген. Арызданушылар президенттің Twitter'де бұғат қоюы АҚШ Конституциясының сөз еркіндігі мен наразылық білдіру құқығына қатысты ережесіне қайшы келеді деп есептейді.

Сот шағымында Трамптың шағын блогы - қоғамдық пікірталастар алаңы делінген, өйткені саясаткер маңызды мәлімдемелерін осында жасайды.