Шығыс Қазақстан облысының аумағында республикалық терроризмге қарсы орталықтың қолдауымен «Шығыс-Антитеррор 2018» жедел-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аумақтағы қауіпті өндірістік объектілерде терроризм актілерін жасаудың түрлі сценарийлеріне әсер ету және хабарландыру жүйесін әрі қарай жетілдіру сұрақтары жолға қойылды. Олардың салдарын алдын алу, жолын кесу және жою бойынша тартылатын мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу деңгейін жоғарылатуға назар аударылды.

Жаттығу барысында шартты енгізілген «террористік қауіптің қызыл деңгейі» шеңберінде арнаулы мақсаттағы бөлімшелер тұтқынға алынған адамдарды босату, террористерді қарусыздандыру және жою бойынша арнаулы операция өткізді. Жаттығуға 1000-на астам қауіпсіздік қызметкерлері тартылған.