«Шымбұлақ» таушаңғы курортының әкімшілігі ақпан айының басында өткізілетін жаттығуларға байланысты жұмыс кестесінің өзгеруі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті таудағы демалыс пен сырғанауды сүюшілер! Алдағы аптаның соңында біз ТЖД-мен бірлесіп оқу-жаттығу өткіземіз. Осыған байланысты жұмыс кестесі туралы хабарлаймыз: 1 ақпан күні курорт 8:30-нан 14:00-ге дейін жұмыс істейді, 2 ақпанда жұмыс істемейді және 3 ақпанда - күту режимінде болады. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!» - делінген курорттың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.