Кабо-Верде соты 9,5 тонна кокаинмен ұсталған 11 теңізшіні қамау туралы шешім шығарды.

Кабо-Вердедегі Ресей елшілігі олардың тергеу кезінде Прая қаласындағы түрмеде отыратынын хабарлады. Оларға ресми айып әлі тағылмаған, бірақ есірткі контрабандасымен айналысады деп күдіктеледі.

31 қаңтарда Кабо-Верде билігі 11 теңізшіні ұстаған. Олар Панама туы ілінген кемемен Оңтүстік Америкадан Мароккоға қарай жол тартқан. 31 қаңтарда экипаж мүшесінің бірінің қайтыс болуына байланысты, Кабо-Вердедегі Сантьяго аралындағы Прая портына тоқтаған. Теңізші өлімінің себебі белгісіз.

Адам өлімін құжаттау үшін келген полиция кемеден ірі көлемде кокаин тапқан. Кемеден матамен оралған 260 пакет есірткі тәркілеген.

Maritime bulletin ақпаратына сәйкес, кеме бұрын түрік компаниясына тиесілі болған. Бірақ 2018 жылдың қараша айында Ecolive de Panama компаниясына сатқан.