ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ресми сайтында сайлауалды бағдарламасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарлама «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталады. Аталмыш бағдарламада Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөніндегі мәліметтер көрініс тапқан. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты, сондай-ақ экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылған.

Бағдарлама Сабақтасқтық, Әділдік, Өрлеу атты үш бағыттан тұрады.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған. Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.