Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Президент ұлықтау рәсімін 12-сі (маусым - авт. түсіндірмесі) өткізуді жоспарлап отырмыз, әрине егер осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындыларын шығару міндетін атқарса және ресми есепті жарияласа. 14 маусымда Бішкекке ұшып шығып, одан әрі Душанбеге ірі халықаралық іс-шараларға аттануым қажет. Бұл шараларға президент толық өкілеттілік ретінде қатысуы қажет", - деді Тоқаев Ақордада өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы мынадай:

Жамбыл Ахметбеков - 167 649 дауыс - 1,82 пайыз

Дания Еспаева - 465 714 дауыс - 5,05 пайыз

Әміржан Қосанов - 1 495 401 дауыс - 16,23 пайыз

Тоөеутай Рақымбеков - 280 451 дауыс - 3,04 пайыз

Амангелді Таспихов - 182 898 дауыс - 1,98 пайыз

Қасым-Жомарт Тоқаев - 6 539 715 дауыс - 70,96 пайыз

Сәдібек Түгел - 84 582 дауыс - 0,92 пайыз

Сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді.