Президентке тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың басшылары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс әкімдері жаңа тағайындауларға дейін жұмыстарын жалғастыра береді. Бұл туралы қаулыға 12 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Қазақстан президенті туралы" заңға сай, жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен кезде президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілетін тоқтатады.

Қазақстан Конституциясына сәйкес, жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері де қызметін тоқтатады

Тоқаев қаулысында өзіне бағынатын мемлекеттік органның басшылары жаңа тағайындауларға дейін өз міндеттерін атқаратынын мәлімдеді.