Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құқық қорғау органдарындағы жемқорлық деңгейіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Полицейлерге халықпен видеотіркегішсіз жұмыс істеуге тыйым саламыз", - деді Қасымов.

Сондай-ақ, "Хабар" телеарнасындағы барысында ІІМ басшысынан құқық ішкі істер органдарындағы жемқорлықтың деңгейіне баға беру сұралды.

"Жемқорлық деңгейі шамамен орташадан жоғары. Бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Министрдің блогы бар, портал жұмыс істеп тұр. Кез келген адам хабарласа алады. Полицейлер жасаған қылмыстың 53-54 пайызын біздің Өзіндік қауіпсіздік департаментіндегілер анықтап жатады. Яғни біз қылмыстарды өзіміз анықтап жатырмыз. Жемқорлықпен күресетін қызметтің жұмысын күшейтеміз. Қызметтерімізді электронды форматқа ауыстырамыз", - деді ішкі істер министрі.