Париждің орталығында қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, 12 қаңтарда Париждің тоғызыншы аумағында қатты жарылыс болды. Француз полициясының айтуынша, жарақат алғандар бар көп - кем дегенде 20 адам жарақаттанды, олардың жартысы ауыр жағдайда. Жарылыс жергілікті наубайханада болды. Алдын ала болжам бойынша, табиғи газ жарылған. Біздің Франциядағы дипломаттар зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиға салдарынан ғимараттар мен көліктер зақымданған.