5 ақпанда аяз келісімен Қазақстанның үш өңіріндегі мектептерде сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарда бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Ауа температурасы -33 градус.

Қостанайда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді. Ауа температурасы 28-30 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.

Семей және Риддерде бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Ауа температурасы -28 градус.