Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 25 маусымда Оралда арнайы операция жүргізіп, "радикалдық діни топ мүшесі" деген күдікпен сегіз адамды тұтқындағанын хабарлады. Күдіктілерден "атыс қарулары, оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер" тәркіленген.

"Аталған адамдар Қазақстан аумағында қатарынан бірнеше теракт жасауға дайындалды, терроризмді насихаттады және басқа да қылмыстар жасады деген күдікке ілінген" делінген ҰҚК хабарламасында.

Арнайы қызмет бұл факт бойынша соталды тергеу басталғанын айтып, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.