Әлихан Смайылов. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі қаржы министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.

Мұның алдында Мәжілісте Әлихан Смайыловтың қаржы министрі қызметіне кандидатурасы мақұлданғаны хабарланған еді.