Ұзақ уақыт бойы БТА банктің экс-төрағасы Мұхтар Әблязовпен қызмет еткен бизнесмен Сергей Шекланов "Галс" яхта клубында өлі табылды, - деп хабарлайды РЕН ТВ.

Оның денесі 24 маусымда табылған, бірақ ол туралы бірнеше күннен кейін белгілі болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, денесінде зорлық белгілері жоқ. Сергей Шекланов жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігінен көз жұмған деген болжам бар.

Сергей Шекланов- "БТА-Казань" мен "Руснефтехима" банктерінің бұрынғы басшысы болған.