Шымкентте мектепке діни киіммен барған 22 оқушының ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Шымкент білім департаментінің бас маманы Жанар Алтаева. хабарлады. Оның айтуынша, был мектепке 148 оқушы діни киімен барған.

Білім департаментінің мәліметі бойынша, 22 баланың ата-анасына айыппұл салынған. Дегенмен олар мектеп әкімшілігінің талаптарын орындаудан бас тартып отыр.

Өткен жылы қаңтарда орта мектептердегі форма туралы жаңа бұйрық шығарылған. Оған келіспеген ондаған ата-ана шағым түсірді.

Олардың арызын қараған прокуратур білім министрлігінің ұстанымын қостады.

Осы оқу жылының аяғында министр Ерлан Сағадиев сабаққа жіберілмеген оқушылар екінші жыл орнында қалуы мүмкін екендігін мәлімдеген еді.