Араб түбегіндегі саяси және әскери жағдай ушығып тұрған тұста Сауд Арабиясының Мекке қаласында қажылық басталды. Қажылыққа екі миллионға жуық мұсылман келді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дерегінше, биылғы қажылыққа бұл елге үш мыңнан астам квота берілген.

Биылғы қажылыққа Ираннан да мыңдаған адам барған. 2015 жылы Меккеде қажылық кезінде кран құлап, 2300 адам қайтыс болған. Қаза тапқандардың көбі ирандық еді. Осыдан кейін Иран бірнеше жыл қажылыққа бойкот жариялады.

Биылғы қажылық 9-14 тамыз аралығында өтеді.

Қажылық – исламның бес парызының бірі. Ислам дінінің заңдарына сай, әр мұсылман шамасы жетсе өмірінде бір рет Меккеге қажылыққа баруы парыз.