Желіде Мәскеудегі Горький саябағында адамдар тұрған көпірдің қирағаны түсірілген видео пайда болды. Оқиғадан 13 адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәскеу мэрі мен билігінің сайтында мұз алаңының бірнеше шаршы метрінің ғана сынғанын хабарлады. Бұл бөлігі қоршауға алынып, қалған бөлігінде келушілер емін-еркін жүре алады екен.

"13 адам жәрдемге жүгінді, оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ауыр зардап шеккен ешкім жоқ", - делінген хабарламада.