Конституциялық кеңес Қазақстан Республикасы Президент өтінішін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомствоның ресми сайтында, 2019 жылы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдағаны туралы хабарлама жарияланды.

"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде", - делінген ресми сайтта.

ҚР Конституциясы 42-бап 3-тармағына сәйкес: "Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады".