Алматыда Шығыс айналма жолында табылған 4 жасар Мұхаммед Асқароғлы ауруханадан шығарылды. Бала қазіргі уақытта бетінше жүре бастады, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы. №2 клиникалық балалар ауруханасының емдеу ісі бойынша бас дәрігердің меңгерушісі Аида Аханбекова баланың физиологиялық емдеудің толық курсынан өтіп, дәрі-дәрмекпен ем алып, массаж алғанын айтты.

"Баланың жағдайы жақсарды: өз бетінше жүре алады, сөйлей бастады, логопедпен жұмыс істедік. Бүгін бала ауруханадан шығарылды. Оңалтудың екінші курсын үш айдан кейін алуды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады Аида Аханбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын. Кейінірек ол сотта санкция жайлы айтылып жатқанда жылап жіберген еді. 1985 жылғы ер адамның бетон зауытында жұмыс істейтіні белгілі болды. Үйленген, екі ұлы бар. Осыған дейін сотты болмаған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") қылмыс жасады деген күдікке ілінген болатын.

tengrinews.kz