АҚШ-тың Калифорния штатындағы тұрғын үй орамбарының біріне ұшақ құлап, кем дегенде екі адам қаза тапты. Бұл туралы The Sun хабарлайды.

Ориндж округінде екімоторлы ұшақ құлаған үй өртеніп кеткен. Дәл қазір екі адамның қаза тапқаны туралы ақпарат бар, тағы екі адам ауруханада жатыр.

Басылымның деректеріне қарағанда, ұшақ Орегонда тұратын жеке тұлғаға тиесілі. Ол Фуллертон әуежайынан әуеге көтерілген.

Оқыс оқиғаның себептері тексеріліп жатыр.

inform.kz