Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері әскери авиациялық техниканы Таяу Шығыс елдеріне заңсыз өткізбекші болғандардың әрекетіне тосқауыл болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментіне сілтеме жасап.

"Қазақстан азаматтарынан тұрған қылмыстық топ елден авиациялық жабдықтарды заңсыз алып өтпекші болған. Құқыққа қарсы жасалған келісімшарттың сомасы 122 мың доллардан асты. ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 2-бөлігі бойынша ("Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы") қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Департаменттің мәліметінше, 16 қаңтарда тергеу шаралары барысында әскери құрал-жабдықтардың басқа елге тасымалдауға дайындалып жатқаны анықталды. Осы іске қатысы бар адамдар ұсталды. Алматы қаласының Мамандандырылған сотының шешімімен олар Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің тергеу изоляторына қамалды.