Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы "Аврора" шипажайында 13 адам уланып қалды, олардың арасында Иран және БАӘ-нің жеті спортшысы бар.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 7 мамырда сағат 15.30-да Шолпанатадағы Ыстықкөл ауруханасына жеті адам түскен. Жарты сағаттан соң тағы алты адам көмек сұрады. Олардың жағдайлары қанағаттандырарлықтай. Науқастарға тиісті ем көрсетілген.

Дәрігерлер тамақтан уланған деген диагноз қойды. Тексеру нәтижесі үш-төрт күннен соң белгілі болады.

Бір науқас ауруханаға жатудан бас тартты. Қалған 12 науқас бүгін ауруханадан шығады.

Тамақтан уланғандардың арасында Иранның бір спортшысы және Біріккен Араб Әмірліктерінің алты атлеті бар.