Нөсер жауын салдарынан Иранда 34 адам қаза тауып, 125-і зардап шеккен. Бірнеше тұрғындар із-түссіз жоғалып кеткен. Көрші Ауғанстанда табиғат апаты салдарынан кемінде 25 адам құрбан болған.

Иран ақпарат құралдары еліндегі төтенше жағдай орталығы басшысы Пир-Хусейн Коливандқа сілтеме жасап, нөсер жауын салдарынан елінің солтүстігіндегі өзен арнасынан шығып, қаланы, ауылды басып қалғанын хабарлайды. Голестан провинциясының 70 елді-мекенінде 56 адам баспанасыз қалған. Ал Мазандеранда 200 үй су астында қалып қойған.

Елдің 17 қаласы мен 635 ауылы кедейшілік қамытын киген. Су астында жүздеген гектар ауыл шаруашылығы өнімдері жарамсыз қалған.

Наурыз айының басынан бері толассыз жауған жауыннан Ауғанстанның да орталық, оңтүстік және батыс аудандары зардап шекті. 9 провинция жұтаған. Су тасқынынан Қандағарда 20-дан аса адам қаза тапқан. БҰҰ қаза тапқандар арасына балалар бар екенін хабарлады. Он адам жоғалып кеткен.

Сел 16 мың үйді шайып, 9 мыңға жуық үй зардап шеккен. Табиғат апаты 250 мың адамды қайғыға батырып отыр.