Индонезияның Орталық Сулавеси (Central Sulawesi) провинциясында болған су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 68 адамға жетті.

Бұдан бөлек, тағы 47 адам жарақат алған. Бұл туралы Стихиялық апаттардың алдын алу бойынша Ұлттық агенттіктің ресми өкілі Сутопо Пурво Нугрохо хабарлаған.

«25 қаңтарда Индонезия билігі қаза тапқан 59 адам мен із түзсіз жоғалған 25 адам туралы хабарлаған. Қазіргі кезде 47 адам жарақат алып, тағы 3481 адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болды», деп хабарлады EFE агенттігі.

inform.kz