Республикалық конкурстық комиссия мемлекеттік білім грант тағайындау бойынша өз жұмысын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, комиссия 5 тамызға дейін жұмыс істеген, ал грант иегерлерінің толық тізімінің нәтижесін 6 тамызда сағат 10:00-де жария етеді. Еліміздің жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім грантымен түскен талапкерлердің тізімі сілтеме арқылы анық болады:

https://egemen.kz

https://kazpravda.kz

www.testcenter.kz

@testcenterBot - Телеграм-бот

"Еске салайық, осы жылы мемлекеттік грант иегерлерінің толықтай тізімін электрондық нұсқа арқылы біліп, көрсетілген сілтеме арқылы таныса аласыздар", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер.