Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен бүгінгі өткен реваншта жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.

Головкиннің барлық титулы Альвареске өтті - орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белдіктері. Мексикалық боксшыға The Ring чемпиондық титулы да бұйырды, журнал оны Альварестен тартып алған болатын.