Өгей ана қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы жазбаша есеп жүргізген. Қыздардың туысы болып келетін Эльвира Қойымбетованың айтуынша, олардың туған шешесі бес жыл бұрын тастап кеткен, содан кейін балалар анасын көрмеген, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Қыздардың әкесі Нұрмұхамет Қойымбетов үш жыл бұрын екінші рет үйленген. Басында барлығы да дұрыс болған, бірақ олардың ортақ ұлдары дүниеге келген уақытта (қазір 1 жас 7 айлық) өгей шеше бүкіл ашуын қыздардан алатын болған. Әкесінің айтуынша, мұның барлығы қызғаныштан жасалған дүние.

15 жастағы қыздардың үлкені әкелерін қатты жақсы көретінін айтады, сол себепті қандай қорлық көріп жүрсе де ешкімге тіс жармаған. Ажырасқаннан кейін әкесі инсульт алған, сол қайталанбас үшін олар әкесіне айтпаған.

Өгей шешесі ойына келгенін істеген: үш қыз үшін ол қандай тәртіппен жүру керектігі туралы дәптер арнаған. Ең басты пункт: әрдайым жымиып жүру, қай жерің ауырса да, әкесі үйге келгенде ештеңе білдірмеу. Сол себептен болар, Нұрмұхамет өзі жоқта не болып жатқанын елестете де алмаған.

Осы дәптерде, өгей ана қыздарды қалай жазалау керектігі - қанша рет таяқ жейді және әлі қанша бар деген сияқты жазып отырған. Ол жазалау құралы ретінде: шампур, ине, тістеуіш, пышақ және оқтауды қолданған. Барлық жазалау шаралары дәптерге жазылып отырған.

Үлкені қызы "тәрбиелеудің" тағы бір жолын айтты - шәйға ыдыс жууға арналған сұйықтықты құйып, ішуге мәжбүрлеген.

Жетісайда өгей анасынан қорлық көрді деген жасөспірімдердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді.Мамандардың айтуынша, үш жасөспірімнің денесінен көптеген жарақаттар, маңдай және оң аяғында инфекциялық жаралар және дененің көгеруі анықталған.

"12 сәуірде Жетісай аудандық ауруханасына үш жасөспірім түсті. Түскен кездегі жағдайы қанағаттандырарлық. Қыздарды травматолог, невропатолог және психолог тексеріп шыққан. Денесінен көгерген іздер, түрлі жарақаттар анықталып, травматология бөліміне жатқызылды. Қазір қажетті емін алуда. Арнайы психолог жасөспірімдермен жұмыс істеп жатыр", - деді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова. Аталған жайтқа қатысты Жетісай ауданындағы полицейлер қылмыстық іс қозғаған.