Германия астанасында фермерлер мен жануарларды қорғаушылар және экологтар наразылық шеруін өткізді.

Берлин көшелеріне шыққан 12 мыңнан астам адам биліктен ауыл шаруашылығы саласында реформа жүргізуді талап етуде. Шеруде елдің әр аймағынан келген 170 тракторға мінген шаруа қожалары жүрді. Акцияға қатысушылар биліктен мал шаруашылығында гормондар мен антибиотиктерді қолданудан бас тартып, қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлуді сұрауда.

24.kz