Парижде «сары жейделілер» ереуілінен зардап шеккендерге қолдау акциясы өтті.

Шараға 14 мыңға жуық адам жиналып, көтеріліс құрбандарын еске алды. Бұған қоса жаңа үлгідегі травматикалық қару мен дыбысы күшті гранатаны қолдануға наразылықтарын танытты. Акцияның соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты.

Паскаль Коре, акцияға қатысушы: "Көтеріліске шыққандар тәртіп сақшыларына күш көрсетсе, бірден қамауға алынып, қудалана бастайды. Ал егер полиция қызметкерлері, керісісінше, оларға зақым әкелсе, іс сыйырқұйымшақтанып, айларға, тіпті, жылдарға созылып кетеді. Бұл жағдай әсіресе травматикалық қару мен граната жарылысынан зардап шеккендерге қиын", - деді.

Жергілікті полицияның мәліметінше, соңғы 12 аптаның ішінде денсаулыққа зиян келген 116 іс бойынша тергеу басталған. Оның кемінде 10-ы көздің зақымдануына байланысты. Осыған орай қала орталығына жиналғандар бірнеше рет тәртіп сақшыларымен қақтығысты. Салдарынан 30 адам тұтқындылды.

24.kz