21 қаңтарда жоғалып кеткен бірмоторлы жеңіл ұшақ Ла-Манш бұғазының түбінен табылған. Ұшақта "Кардифф Сити" аргентиналық футболшысы Эмилиано Сала болған, - деп хабарлайды Sky News телеарнасы.

Әуе аппаратын 3 ақпанда іздеу катері заманауи гидролокатор арқылы тапқан. Ұшақтың бөлшектері Гернси аралынан 24 мильде табылған. Шабуылшының отбасына ұшақтың табылғаны туралы хабарланды.

21 қаңтарда француздық Нант қаласынан Кардифке (Уэльс) ұшып шыққан жеңіл моторлы Piper Malibu ұшағы сейсенбіде радарлардан жоғалып кеткен. Болжаммен ұшақ бортында екі адам болған, оның бірі Сала, екіншісі Ибботсон. Құтқарушылар барлық шараларды жасағаннан кейін, іздеу шараларын тоқтатты. Еске салайық, жоғалған ұшақта болған "Кардифф" футболшысының соңғы аудиохабарламасы жарияланды.

Эмилиано Сала және пилот Дэвид Ибботсон. © Sky News
Іздеу шараларын қаражат жинастырылғаннан кейін қайта бастады. Ұшақты іздеу шарасы үшін "Пари Сен-Жермен" сұрмергені Килиан Мбаппе және "Марсель" жартылайқорғаушысы "Дмитри Пайет ақша аударды. Жиналған қаражат 290 мыңнан асып түсті.

Құтқарушылардың айтуынша, Сала мен ұшқышты аман-есен құтқару мүмкіндігі қалмаған. Тергеушілердің айтуынша, ұшақ суға құлаған. Ауа температурасының төмен болуына байланысты, өмір сүру өте қиын екен.

Times газетінің мәліметінше, ұшақты 59 жастағы Дэвид Ибботсон басқарған. Ол газ инженері болған. Ибботсонның жеке ұшқыш лицензиясы болған, яғни ол өздігінен ұша алатын, алайда жолаушыларды тасымалдауға құқығы болмаған.

tengrinews.kz